"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының  «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа" города Кокшетау при отделе образования  по городу Кокшетау управления  образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында симфониялық оркестр мен Балалар музыка мектебінің «Ұрпақтар диалогы» атты бірлескен концерті

23.02.2026

22 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында симфониялық оркестр мен Балалар музыка мектебінің «Ұрпақтар диалогы» атты бірлескен концерті өтті. Бұл ерекше музыкалық кеште өнер жолына қадам басқан жас дарындар өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрермен назарына ұсынды. Ұрпақтар сабақтастығы аясында Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері кәсіби симфониялық оркестр музыканттарымен бірге бір сахнада өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кеш барысында Балалар музыка мектебінің хор ұжымы мен облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген жас әншілер, үрлемелі аспаптар оркестрі көрермендерге шынайы эмоция мен шабыт сыйлады. Жас музыканттардың талпынысы мен кәсіби орындаушылардың шеберлігі тоғысқан бұл концерт музыкаға деген сүйіспеншілікті арттырып, жас ұрпақтың өнерге деген құштарлығын айқындай түскені сөзсіз.

Просмотров: 964

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст