23.09.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 15 қыркүйек күні Балалар музыка мектебінің қабырғасында «Мектептен тыс білім беру күні!» ұйымдастырылды. Балалар музыка мектебінің табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларға «Музыка әлеміне қош келдің!» атты салтанатты саптүзеу өткізілді. Салтанатты мерекеге ата-аналар, оқытушылар, балалар мен музыка мектебінің есігін алғаш ашып отырған оқушылар қатысты. Саптүзеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен ашылды. Директордың міндетін атқарушы С.А. Шакубаева сөз сөйлеп, барлық қауымды оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға оқуда алда болып, табандылық пен сәттілік тілеп, 1-ші сыныпқа келген оқушыларға білім кілтін ұсынды. Мектепке алғаш келген Ахметкалиева Амина білім кілтін қолына алып, барлық оқушылар атынан Балалар музыка мектебінде жақсы оқып, оқытушыларды сыйлап, еңбектерін ақтап, биік белестерден көрінеміз деп уәде етті. Сонымен қатар көрермендер музыкалық әншашу тамашалады.