Текст
23.09.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, қазақ халқының дәстүрлі күйшілік өнерін насихаттау, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа күй өнерінің маңызын таныстыру мақсатында «Мектептен тыс білім беру күні» қарсаңында Балалар музыка мектебінің білім алушыларына пән оқытушысы Д.Б. Курмангожина «Дәстүрлі күйшілік өнер» атты шеберлік сағатын өткізді. Іс-шара барысында балалар қазақтың дәстүрлі күй өнерінің тарихымен, оның ерекшеліктерімен танысып, күйшілік мектептер туралы қысқаша мағлұмат алды. Қатысушыларға домбыраның құрылысы, күй орындау мәнері және дәстүрлі күйлердің орындалу ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар бірнеше күй орындалып, қатысушыларға практикалық тұрғыда шеберлік ұсынылды.