2020 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушыларының - жас музыканттардың 53-ші Республикалық қашықтық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Көкшетау қаласының «Балалар музыка мектебі» МКҚК «Campanellа» жоғары сынып хоры, жетекшісі Н.В. Глазунова, сүйемелдеушісі: Ю.В. Серикова және солистер - пианистер қатысты: Умарова Анжелика , оқыт.: Т.А. Гавриленко., Кенжебаев Арсен, оқыт.: Р.К. Мурзахметова., Пшеничный Захар, Құрманалы Алуа, оқыт.: Е.М. Макарова., Кравцова Ярослава, оқыт.: О.Ю. Гергель. Байқау қорытындысы бойынша «Campanellа» хоры 3-орынды жеңіп алды, Анжелика Умарова - «Саусақпен еркін ойнау» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Оқытушылар Н.В.Глазунова, Ю.В.Серикова, Т.А.Гавриленко Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.