Текст
01-05 қараша
аралығында Петропавл қаласында «Өнерiм рухани қазынам» атты VIII
Ұлттық Дельфийлік ойындары өтті. Бұл
ұран бекерден бекер алынған жоқ. Ойынның негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен
музыкалық дәстүрді сақтау мен дамыту болып табылады. Әртүрлі 20 номинацияның
ішінде «баян» номинациясы да болды. Байқауға біздің мектебіміздің атынан орыс
халық аспаптары бөлімінің 5 сынып оқушысы Крутевич Тимур қатысты (оқытушысы
О.Б.Закирова). Байқаудың қорытындысы бойынша біздің оқушымыз жеңімпаз атанып, Алтын медальді иеленді.
Енді Тимур Қазақстан құрамасының делегациясына кіреді және 2018 жылдың
көктемінде Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық Дельфийлік ойындарына қатысатын
болады.