Текст
Күзгі демалыс кезінде (2-4
қараша аралығы) Астана қаласында ҚазҰӨИ базасында БММ, БШИ оқушылары арасында IV Республикалық музыкалық – теориялық пәндер
олимпиадасы өтті. Біздің музыка мектебіміздің атынан 5 сыныбының екі оқушысы
Д.Чмеленко және А.Еркін (оқытушысы В.И.Коваль) қатысты. Байқауға
республикамыздың әр қалаларынан барлығы
90 оқушы қатысқан болатын. Байқау талаптарына сәйкес дәстүрлі тапсырмалар
ұсынылды: диктант, есту анализі, қағаздан оқу және жазбаша жұмыс. Қатысқан екі оқушы да дипломант атанды. Арсен
Еркін жазбаша жұмыста көзге түсіп, «Музыка теориясы бойынша жазбаша жұмыс»
номинациясы бойынша жүлдегер атанды.