«CAMPANELLA» жоғарғы клас хоры (жетекшісі Глазунова Надежда Васильевна, сүйемелдеуші Гергель Ольга Юрьевна) 2017 жылғы 05 – 06 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында өткен Қазақ КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері В.М.Кардашов атындағы «Туған елім – туған жерім» атты вокалдық – хор өнерінің фестиваліне қатысты.
Фестиваль «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығымен ұйымдастырылды.
Қорытынды концертте 20-ға жуық хор және вокал ұжымдары қатысты, оның ішінде: Облыстық филармонияның камералық хоры, М.Қозыбаев атындағы университетінің және өнер колледжінің аралас хоры, дарынды балаларға арналған мектептің балалар және ұлдар хорлары.
Жастар сарайының концерттік залы хор өнерінің табынушыларымен (1000 тыңдарманға жуық) толы болды және олар фестивал қатысушыларын жылы лебізбен қарсы алды.
Біздің «CAMPANELLA» хоры жапон халық әні «Kiso – Bushi» (a capella) мен «Весенний вальс» (композиторы И.Штреус, флейтада жеке орындаушы – Еркін Арсен) шығармаларын орындады. Ұйымдастырушылар ұжымның
орындаушылық мәдениетінің жоғарлығын ескеріп, диплом мен фестиваль кәдесыйын табыстады.