2017 жылғы 20 желтоқсанда Біржан сал атындағы музыкалық колледжі базасында теориялық пәндер бойынша І қалалық байқау өтті. Осы іс – шараның ұйымдастырушысы – әдістемелік және педагогикалық тәжірибенің оқытушысы Ю.А.Никитенко. Байқауға Көкшетау қ. балалар музыка мектебінің 5 сынып оқушылары және музыкалық колледждің педагогикалық тәжірибе бөлімінің оқушылары (оқыту нысаны: мемлекеттік және орыс тілінде). Байқауға барлығы 13 оқушысы қатысқан болатын.
«Сольфеджио» және «Музыка теориясы» санаты бойынша Кислюк Александра І дәрежелі лауреат атанды.
Еркін Арсен («Сольфеджио» номинациясы) ІІ орынға, Гавриленко Вероника («Сольфеджио» номинациясы) ІІІ орынға ие болды.
Аталған үш лауреат теориялық пәндер бөлімінің меңгерушісі Валерия Игорьевна Коваль оқушылары болып табылады. «Музыка теориясы» номинациясы бойынша Жумабай Алмат (2 орын), Ахметжанова Айгерим, Аубакирова Айдана (3 орын) үздік атанды, оқытушысы А.С.Оспанова.