Текст
Көкшетау қаласының әкімі Ермек Боранбаевич Маржикпаев «ЕХРО – 2017»
халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің 25
жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!», «Ақмола жұлдыздары» атты қалалық халық
шығармашылығы байқауында І орынға ие болғаны үшін балалар музыка мектебіне
Диплом мен музыкалық орталықты сыйға тартты.
Балалар музыка мектебі ұжымының атынан біздің жұмысымызды жоғары
бағалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.