2018 жылдың қаңтар айында «World Russian Beauty Moskow Region 2018» атты сұлулық, сән және талант фестиваліне Көкшетау қ. балалар
музыка мектебінің вокал бөлімінің оқушысы Ператинская Снежана қатысып, "Ресейдің үздік таланты – 2018" атағына ие болды және Гран-при иегері атанды.
Сондай-ақ, ол "Мисс Подмосковья – 2018" сұлулық және таланттар байқауында "Мини Мисс Подмосковья" атағын жеңіп алды.
Фестиваль қорытындысы бойынша, лайықты марапаттауларынан басқа осындай ұқсас фестивальге Вьетнам қаласына бару үшін сертификат табысталды.
Көкшетау қ. НЗМ-ң физика-математика бағытындағы 4-сыныбында оқып жүріп, ол балалар музыка мектеп баруға және музыкалық цикл пәндері: вокал, фортепиано, хор және т. б. адал зерделеуге үлгереді.
Снежана музыкалық конкурстардың және фестивальдардың тұрақты қатысушысы, оқуда үздік. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде көп жетістіктері бар.
Ресейге сапарға дейін бір жарым ай бұрын, 2017 жылғы қараша айында Республикалық "Жұлдыз" жас вокалистер мен орындаушы аспапшылар байқауында "Вокал" номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Балалар музыка мектебінің оқытушылары біздің оқушысымыз Снежананың таланты мен қабілетін дамытуға ықпал тигізгені үшін ата-аналарына және әжесіне алғыстарын білдіреді.
Көкшетау қ. балалар музыка мектебінің
вокал оқытушысы О.В.Антонова