2020 жылғы 22-22 ақпан аралығында Батуми қаласында (Грузия) «SILK WAY 2020» халықаралық классикалық музыка байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Италия, Беларусь және Литва елдерінен келген үміткерлер қатысты. Байқауға қатысушылардың жоғары шеберлік деңгейін қазылар алқасы бағалады: Канат Ахметов - көркемдік жетекші, Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі оркестрінің бас дирижері, Рауф Мусаев (Түркия) - доцент, консерваторияның оқытушысы, Азиз Гараюсифли (Әзірбайжан) - доцент, Баку өнер мектебінің директоры. Көкшетау қ. Балалар музыка мектебінен флейта мамандығының 7-сынып оқушысы Еркін Арсен (14-17 жас санатында) қатысып, 3-орынды иеленді, оқытушы А.В. Батлукова, сүйемелдеуші Н.Ю. Грицаева. Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық жеңістер тілейміз!