"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының  «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа" города Кокшетау при отделе образования  по городу Кокшетау управления  образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Астана - Мерей» XV Халықаралық орындаушылар байқауы Нұр-Сұлтан қ.

18.12.2019

2019 жылдың 6 - 10 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қ.  Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұйымдастыруымен ҚР ХҒС-тың қолдауымен Қазақстанда Жастар жылын атап өтуіне орай «Астана - Мерей» XV Халықаралық орындаушылар байқауы өтті. Қатысушылардың орындау шеберлігін Италия филармония оркестрінің  бас дирижері Джанкарло де Лоренцо, Халықаралық байқаулардың лауреаты Джузеппе Нова (Италия), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов, «Үрмелі және соқпалы  аспаптар» жетекшісі Ғани Исмаилов, «Құрмет» орденінің кавалері,  ҚазҰӨУ доценті Нургуль Сапарова бағалады. Байқауға  дарынды балаларға арналған ҚазҰӨУ арнайы мектеп оқушылары, Алматы қ. Жұбанов атындағы, Қарағанды қ. арнайы музыкалық мектеп оқушылары  қатысты. Көкшетау қ. БММ оқушылары «Жеке орындау» номинациясында сәтті өнер көрсетті: Еркін Арсен - екінші дәрежелі лауреат (оқыт. А.В. Батлукова, сүйем. Н.Ю. Грицаева), Биғазы Айкүміс – байқау дипломанты (оқыт. М.С. Сайдалин, сүйем. Н.Х.Сайдалина), Салимзянов Шамиль – байқау сертификаты (оқыт. О.Ч. Станкус, сүйем. Н.С.Федорова).

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст