Текст
2019 жылы 15 маусымда Көкшетау қ. Балалар музыка мектебінде мектеп бітіру кеші өтті. Балалар музыка мектебі жұмыс істеген жылдары 3586 түлектерді шығарды. Осы 2018-2019 оқу жылында 79 оқушы шығарылады, оның ішінде 17 сі – оқу озаты. Биылғы жылы мектеп оқушылары 12 Халықаралық, 15 Республикалық және 6 Облыстық байқауларға қатысып, 194 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде: 35 орынды түлектер иеленді.