Текст
2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін Астана қ. «Шабыт жұлдызы» VII Республикалық орындаушылар байқауы өтті. Қатысушыларды іріктеу екі кезеңде өтті.
Іріктеу кезеңінде Көкшетау қ. БММ оқушысы Еркін Арсен (5-ші сынып, флейта, оқытушысы А.В.Батлукова, сүйемелдеуші О.Ю.Гергель) бірінші орынды иеленіп, финалға жолдама алды. Финалдық кезеңде – ІІ орын.
«Шабыт жұлдызы» телевизиялық жобаның шеңберінде өткізілді: қатысушылардан сұхбат алып, байқауға дайындық кездерін, және орындау процесін түсірді.
Байқаудың қазылар алқасы Арсеннің шығармашылық әлеуеті мен орындау шеберлігі жоғары екендігін атап өтті.