22.04.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, «Шабыт» жобасы негізінде 2026 жылдың 17 сәуірінде №21 мектеп лицейінің қабырғасында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мен Көкшетау қ., Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кезекті қалалық «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға жалпы білім беретін мектептерден 1-2 сынып оқушылары қатысты. Олар «Біз – бақытты балдырған» тақырыбына сай өз әндерін дайындап, сахна төрінде әуелетіп, орындады. Барлық қатысушылар талапқа сай дайындалып, әділ сыннан өтіп, жеңіске жеткен талапкерлер жүлделі орындармен марапатталды. Байқауға қала мектептерінен барлығы 47 талантты оқушылар қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндер сүйкімді қылықтарымен, әндерімен көрермендерді тәнті етті. Қатысушылардың өнері кәсіби қазылар алқасы тарапынан әділ бағаланып, талапкерлердің орындау шеберлігіне, дауыс мүмкіндігіне, сахна мәдениетіне және көркемдік деңгейіне ерекше көңіл аударды. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.
I орынды № 19 жалпы орта мектебінін 1 сынып оқушысы Талғатқызы Кәмшат жеңіп алды;
II орындарды № 2 мектеп лицейінің, 2 сынып оқушылары «Жұлдыз-Ай» вокалдық тобы және Әл-фараби атындағы IT мектеп лицейінің 2 сынып оқушысы Исмаилов Али иеленді.
III орындармен №5 «Таңдау» мектеп гимназиясының 2 сынып оқушылары Туленды Асия, Билялова Аия, Амантай Марияш, Мурзалина Медина; Техникалық мектеп-лицейінің 2 сынып оқушылары «Тұмар» квартеті және №20 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Кенжебай Еркежан марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. «Әншуақ» байқауы жас өнерпаздардың талантын шыңдауға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың ән өнеріне деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.