"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының  «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа" города Кокшетау при отделе образования  по городу Кокшетау управления  образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша балалар музыкалық мектептері, өнер мектептері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары арасында «Жұлдыз» облыстық байқауы

06.04.2026

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша балалар музыкалық мектептері, өнер мектептері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары арасында «Жұлдыз» облыстық байқауы өтті.
Байқау Петропавл қаласындағы «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» КММ базасында өткізілді. Байқауға Көкшетау қаласындағы балалар музыка мектебінің ішекті аспаптар бөлімінің оқушылары да шақырылды. Байқауға Көкшетау қаласы БММ ішекті аспаптар бөлімінің оқытушысы Джакишева Гулира Турсуновнаның оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Краснопольская Алина — I дәрежелі лауреат, Ахметова Аяна — I дәрежелі лауреат, Чапаниди Ариадна — II дәрежелі лауреат. Сонымен қатар, Джакишева Г.Т. жетекшілік ететін «Виолинки» кіші скрипкашылар ансамблі Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Біздің оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, байқау қазылар алқасы тарапынан лайықты бағаланды.

 

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст