"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының  «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа" города Кокшетау при отделе образования  по городу Кокшетау управления  образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бисара Макенова́мен кездесу»

16.02.2026

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, оқушыларды, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты Бисара Макенованың  шығармашылығымен терең таныстырып,  болашақ ұрпақ, жастарға  патриотттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу,  өз елінің танымал, еңбек сіңірген әншілерін, ақын мен күйшілерін келешек ұрпағымыз біліп, танып жүрсін деген мақсатта Балалар музыка мектебінің қабырғасында «Ән бұлбұлы – Бисара!» атты Көкше өңірінде қазақтың дарынды әншісі, өнер қайраткері, күміс көмей әнші, ғұмырын өнер жолына арнаған зиялы тұлға, ұрпақты өнерге баулу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы  – Бисара Макеноваға арналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында Бисара апайымыз өз шығармашылық жолымен таныстырып, сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісіп, көрермендерге керемет әсем әндерін сыйлады. Бисара Макенованың ән өнеріне баулыған кейбір шәкірттері көп ішінен саф алтындай жарқырап, ән әлемін бағындырса, алдынан сабақ алып, түлеп ұшқан түлектерінің бірі Бисара апайдың жолын  жалғастырып, білім ошақтарында ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жатыр, енді бірі, әлемдік ән додаларында топ жарып, ән шырқап, ел ықыласына бөленіп жүр. Сонымен қатар, кездесу кешінде мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, қойған сұрақтарға жауап алып, риза болғандары сонша, қол шапалақтауларымен алғыстарын білдірді. Кешіміз өте тартымды да қызықты өтті. Кеш соңында Бисара апайға Балалар музыка мектебі атынан Алғыс хат пен гүл шоғы ұсынылды.

 

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст