Текст
23.10.2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, Көкшетау қ., Балалар музыка мектебінде «Менің Қазақстаным – менің Заңым!» атты
ҚР Конституциясының 30- жылдығына және Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бұл кеште әдемі де әуезді әндер мен күйлер шырқалып, әртүрлі аспаптарда оқушылардың қолымен шығармалар шебер ойналып, өлеңдер оқылып, асқақтаған әуезге айналды. Тыңдап отырған көрермендер осы әуеннің тылсым дүниесіне еніп, керемет рахат алып, қол шапалақтаумен болды. Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған концерт көрерменнің ерекше ықыласына ие болды!
Баршаңызды ҚР Конституциясының 30- жылдығымен және Республика күнімен құттықтаймыз!