"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Көкшетау қаласының  «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа" города Кокшетау при отделе образования  по городу Кокшетау управления  образования Акмолинской области" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептен тыс білім беру күні»

19.09.2025

15 қыркүйек күні Балалар музыка мектебінде алғаш рет «Мектептен тыс білім беру күні» аталып өтті. Бұл ерекше күні біздің мектебіміздің табалдырығын аттап отырған жаңа оқушыларға арналған «Музыка әлеміне қош келдің!» атты салтанатты саптүзеу ұйымдастырылды.

Мерекеге ата-аналар, ұстаздар, оқушылар мен мектептің есігін алғаш ашып отырған білім алушылар қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, оқушыларға табыс пен сәттілік тілегі айтылды. Директордың міндетін атқарушы С.А. Шакубаева жылы лебізін білдіріп, 1-сыныпқа келген балаларға «Білім кілтін» табыстады. Ал мектепке алғаш келген Айзере барлық оқушылар атынан ұстаздарды сыйлап, еңбектерін ақтап, биік белестерден көрінуге уәде етті.

Салтанатты шара соңында кішкентай өнерпаздар өздерінің алғашқы музыкалық өнерлерін көрсетті. 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст